21 маусым 2018 09:57

18 баланың әкесі Даниал Ахметовке өтінішін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ШҚО Ақпарат орталығы © ШҚО Ақпарат орталығы

Семейдің 51 жастағы тұрғыны Виктор Кандыба Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің жеке қабылдауы кезінде өңір басшысына өтінішін айтты, - деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы. 


Семейдің 51 жастағы тұрғыны Виктор Кандыба Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің жеке қабылдауы кезінде өңір басшысына өтінішін айтты, - деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы. 

Виктор Кандыба - 18 баланың әкесі, оның отбасында 13 ұл мен бес қыз бар. Балаларының алды 26 жаста екен. Ер адам тұрмыстық техниканы жөндеумен айналысады, әл әйелі үйде бала тәрбиесінде. Балалардың үлкені омарташы, тағы бірі құрылысшы болып еңбек етеді. 

"Жер үйде тұрамыз. Балаларымызға баспана алып беруге шамамыз келмейді, сондықтан оларға жер телімін алуға мүмкіндік бар ма, соны білгім келіп еді. Сонда ер жеткендері үйлерін бір-бірінің қасына тұрғызып алады", - дейді балалардың әкесі. 

Өңір басшысы бұл бірегей жағдай екенін атап өтіп, Виктор Кандыба сияқты адамдардың республика мақтанышы екенін айтты. 

"Көмектесеміз. Бір ай ішінде микроавтобус алу туралы мәселе шешіледі. Қайырымдылық қоры арқылы алып береміз. Жер телімін көзіңізше анықтап беремін. Бұл іс сөз күйінде қалуына жол бермейміз", - дейді Даниал Ахметов. 

Облыс әкімі сол жерде Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовке және ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Брусковаға бір апта ішінде осы мәселені шешуді тапсырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети