25 ақпан 2014 20:01

2 552 мемлекеттік қызметкер диктант жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Азамат Әбілұлы ©Азамат Әбілұлы

Шығыс Қазақстанда «Әдемі сөйле, сауатты жаз» акциясы аясында бір мезгілде 2 552 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілде диктант жазды, деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгін – халықаралық тілдер күні. Осы дата аясында Шығыстан бастау алған шараға диктант тақырыбы етіліп, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Османның «Қазақ тілі – біздің асыл қазынамыз» атты мақала-еңбегі алынды. Мәтін 232 сөзден тұрады", - дейді облыстық лингвистикалық орталықтың қазақ тілі пәнінің оқытушысы Елена Нәбиева. Елена Нәбиеваның айтуынша, бұл диктант алу шарасы алдымен оған қатысушылардың қазақ тілінің грамматикасын қаншалықты меңгергендігін білдіреді. "Мен орыс мектебін бітіргенмін. Алайда, бүгінгі диктант өте қиын болған жоқ. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді тегін оқуға мүмкіндік жасалғаны осындай шарада сауатты жазуға ерекше себін тигізді және қазақ тілін білу іс қағаздарын қазақ тілде таза толтыруға негіз болады деп ойлаймын", - деді Өскеменде диктант жазған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Альфия Тоқмолдинова. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық лингвистикалық орталықтың ұйтқы болуымен Шығыс Қазақстаннан бастау алған мемлекеттік тілде жаппай диктант жазу қорытындысы бойынша облыс көлемінде қатысқан 2 552 қызметкердің 1613-і, яғни, 63 пайызы таза һәм сауатты жазатынын көрсетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети