20 күнде Қазақстаннан бензин алып шығуға 1342 рет әрекет жасалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 күнде Қазақстаннан бензин алып шығуға 1342 рет әрекет жасалған Бейнеден алынған кадр

Шілденің алғашқы үш аптасында Қазақстанның мемлекеттік шекарасында жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз шығарудың 1300-ден астам әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.


ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 1 мен 21 шілде аралығында өткізу пунктерінде ЖЖМ-ды заңсыз тасымалдаудың 1342 дерегі тіркелген.

Елден белгіленген ережелерді айналып өтіп шығарылмақ болған отынның жалпы көлемі 112 тоннадан асты. Кінәлі тұлғалардың барлығы Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

ҰҚК мұнай өнімдерін заңсыз шығарудың жолын кесу елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отынның көлеңкелі айналымына қарсы күреске бағытталғанын атап өтті. Ведомство осындай бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, шілде айының басында премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығаруға бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. Үкімет мәліметінше, тек екі тәулік ішінде өткізу пункттерінде қосымша бактар мен канистрлерде үш тоннадан астам отынды алып шығудың 61 әрекеті, ал жыл басынан бері мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 593 әрекеті тоқтатылды.

Кейінірек ІІМ бақылау мақсатында шекарада 59 полиция бекеті жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Жыл басынан бері полицейлер қосымша жанармай бактары заңсыз орнатылған 255 автокөлікті анықтады. Әкімшілік жауапкершілікке 195 шетел азаматы мен 60 қазақстандық тартылды. Ведомство ЖЖМ-ды заңсыз шығару мәселесі ерекше бақылауда екенін, ал мұндай бұзушылықтар дер кезінде анықталып, жолы кесілетінін баса айтты.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +21
Ақтау +32
Ақтөбе +32
Атырау +35
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +27
П
Павлодар +28
Петропавл +27
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +36
О
Орал +23
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер