27 қараша 2014 13:51

2013 жылдан бері 182 қазақстандық пара бергені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nocorruption.biz ©nocorruption.biz

2013 жылы және 2014 жылдың 9 айында ҚР ҚК 312-бабы бойынша (пара беру) 182 адам сотталды, оның 86-сы бас бостандығынан айырылды. Tengrinews.kz тілшісіне мұндай мәліметтерді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынды.


2013 жылы және 2014 жылдың 9 айында ҚР ҚК 312-бабы бойынша (пара беру) 182 адам сотталды, оның 86-сы бас бостандығынан айырылды. Tengrinews.kz тілшісіне мұндай мәліметтерді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынды.

Бас бостандығынан айыру жазасын алғандардың басым көпшілігі 8-ден 12 жылға дейін сотталғандар (29 адам), 5-тен 8 жылға дейін 27 адам сотталған, 3-тен 5 жылға дейін 14 адам, 1-ден 3 жылға дейін 12 адам сотталған, 4 адамға 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілген. 

Жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қолданыстағы қылмыстық заңнамада мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендерге пара беру үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 312-бабы санкцияның бірнеше түрін белгілейді, атап айтқанда, 700-ден 3000 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілеумен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. 

Бұған дейін осы жылдың тамыз айында "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институтының Қазақстанның бүкіл аймағында жүргізген сауалнамасының нәтижелері жарияланған еді. "Соңғы бір жыл ішінде сіз пара бергеніңізге немесе алғаныңызға қарамастан, жемқорлыққа қатысты ахуалды бастан өткердіңіз бе?" деген сауалға респонденттердің 32,7 пайызы мақұлдап жауап берді, олардың 71 пайызы мұндай жағдайларда пара берген.

Сауалнамаға қарағанда, көпшілік пара беруге себеп болған жайт ретінде біреудің ықыласына бөлену немесе лауазымды тұлға тарапынан анағұрлым сапалы жұмысқа қол жеткізу ниетін (36,6 пайыз), мәселені заңды жолмен шешуге уақыты мен мүмкіндігінің жоқтығын (25,7 пайыз) атаған.

"Мұндай әдет қазақстандықтардың құқықтық сауатсыздығына және олардың азаматтық мәдениетінің төмендігіне байланысты", - деп есептейді "Нұр Отан" өкілдері. 

Сауалнамаға 1600 адам қатысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети