29 қаңтар 2015 12:37

2014 жылы Қазақстаннан 26 мыңнан астам адам кетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

2014 жылы Қазақстаннан 26 869 адам көшіп кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік" орталығы АҚ баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сілтеме жасап.


2014 жылы Қазақстаннан 26 869 адам көшіп кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік" орталығы АҚ баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сілтеме жасап.

Орталық сарапшысы Ерназар Шынасылдың мәліметінше, статистика бойынша Қазақстаннан кетіп қалғандардың дені - 24 247 адам ТМД елдеріне, соның ішінде, негізінен, Ресей мен Беларуське барған.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы елімізге 15 мыңнан астам адам келген. Ал 2013 жылы елге келгендер (24 405) мен көшіп кеткендердің (24 077) саны бір деңгейде болды. "Жастар" ұлттық зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтік сауалнамаға қарағанда, жастардың 23,7 пайызы жақын шетелдерге көшкенді қалайды, оның 17,1 пайызы Ресейге, 13,8 пайызы Ресейді, ал жастардың 13,8 пайызы алыс шетелдерге (Канада, Германия, Қытай және басқа) кеткенді қалайды. 

"Қазақстан жастары бұған негізгі себеп ретінде табыстың төменгі деңгейін, жұмысқа орналасудың қиындығын, өздерін көрсете білудің қиындығын, жеке себептер мен сапалы білім алудың мүмкін еместігін атады", - делінген хабарламада. 

Сарапшының айтуынша, жас мамандар үшін елден кетуге әсер ететін факторлардың бірі - жалақы. "Мысалы, Германияда ең төменгі жалақы мөлшері - сағатына 8,5 евро, 8 сағаттық жұмыс күні мен бес күндік жұмыс аптасында ең төменгі жалақы мөлшері - айына 1360 евро, Францияда - айына 1537 евро, салыстырар болсақ, Қазақстанда ең төменгі жалақы көлемі - 21 364 теңгеге тең (айына 100 евроға жуық), ал орташа жалақы айына 119 111 теңгеге тең (573 евроға жуық). Жас әрі амбициясы бар жастар бизнес-процестер тиімділігінің, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігіне байланысты елде өзін-өзі көрсете алмайтынын айтады. Бұл факторлар қазақстандықтардың эмиграциясына себеп болып отыр", - дейді Шынасыл. 

Азаматтардың елден кетуіне балаларды бақшаға орналастырудың қиындығы да себеп болып отыр. Сонымен бірге мұндай шешім қабылдауға зейнетке шығу жасы да әсер етеді. Ресейде ер адамдар зейнеткерлікке 60 жасында, әйелдер 55 жасында шығады, Қазақстанда зейнеткерлік жасы үш жыл кейін басталады. Батыс елдерінде зейнетақы төлемдерінің Қазақстандағыдан жоғарылығы да жас адамдардың шетелге кетуіне түрткі болады. 

"Жас, талантты әрі келешегінен үміт күттіретін мамандар Қазақстаннан кетуге жиі шешім қабылдайды, бұл, әрине, ел экономикасына кері әсер етеді. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді бөлігін жіберіп алудан алғашқы соққыны өткереді. Мұндай шығындардың қатарына мемлекеттің бір азаматтың балабақша мен ЖОО-ға дейінгі білімі мен тәрбиесіне жұмсайтын қаражаты жатады. Мемлекет үшін Қазақстанның дамуына, экономикасының, әлеуметтік-ғылыми көрсеткіштерінің жақсаруына үлес қоса алатын анағұрлым белсенді әрі білімді адамдарын жоғалтуы екінші соққы болады", - дейді сарапшы. Бұл жайт елде экономиканың барлық саласы бойынша маман тапшылығын туғызуы мүмкін. 

Ерназар Шынасыл білікті мамандарды ұстап қалу үшін Қазақстанда өмір сүру деңгейін, әлеуметтік қамтамасыз етуді, сыйақылар мен еңбек жағдайларын шетелдегі жағдайларға теңестіру керектігін айтады. Сонымен бірге жас мамандарға өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік берілуі керек. 

Дегенмен сарапшының айтуынша, көші-қон сальдосының жағымсыз болуына қарамастан, Қазақстанда өркендеудің әлеуеті мол. 2014 жылы EY компаниясы жүргізген Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына қатысты зерттеулеріне қарағанда, Қазақстан ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынға шықты. Инвестициялық тартымдылықтың негізгі өлшемдері - елдегі әлеуметтік, саяси және макроэкономикалық тұрақтылық.

Білікті қазақстандықтардың елден кеткісі келетіні туралы бұған дейін де хабарланған еді. Билік өкілдерінің мәліметінше, мұнымен бірге мемлекеттің елден кеткен мамандарды ауыстыруға, біліксіз жұмыс күшін кәсіпке баулу мен дайындауға кететін шығындары артып отыр. Соңғы төрт жыл ішінде жоғары білімі бар эмигранттардың қатары сырттан келгендердің санынан 65 пайызға асып түсті. Әсіресе, техника, экономика, педагогика мамандықтары бойынша еңбекке қабілетті азаматтар көп кетіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети