16 ақпан 2016 09:18

2015 жылы қазақстандық компаниялардың қызметкерлері алдында 5,4 миллиард теңгеден аса қарызы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2015 жылы қазақстандық компаниялардың қызметкерлері алдында 5,4 миллиард теңгеден аса қарызы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1216 кәсіпорнында 42,8 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 5,4 миллиард теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады. Осы кәсіпорындардың жетекшілеріне 108,7 миллион теңгеден аса сомаға айыппұл салынды.  

"Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 4,9 миллиард теңге төленді", - делінген хабарламада.

Жалпы, былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары 11421 тексеру жүргізді, 19 мыңнан аса ҚР еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталып, 429 миллион теңге сомаға айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети