13 желтоқсан 2019 11:26

2020 жылдан бастап мүгедек жандар жетекшілік қызметке тағайындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Келесі жылдан бастап елімізде мүгедектігі бар жандар жоғары лауазымды қызметке ие бола алады, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" тілшісі.


Келесі жылдан бастап елімізде мүгедектігі бар жандар жоғары лауазымды қызметке ие бола алады, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" тілшісі.

"Жаңа жылдан мүгедектігі бар жандарды мемлекеттік органдарға оның ішінде жетекшілік қызметтерге тағайындай бастаймыз. Бұл жөнінде премьер-министрмен келістім. Мысалға алсақ, ол құрылысшы болып, бірақ мүгедектігі болса, демек ол маман деген сөз. Демек ол құрылыс саласына қатысты департамент директоры немесе басқарма басшысы бола ала деген сөз.

Мұндай практика бүкіл әлем елдерінде бар. Яғни мүгедектігі бар министр немесе депутат. Осындай кешенді шара арқылы азаматтарымызды экономикалық белсенділікке тартпақпыз", - деді еңбек және халықты қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Парламенті Сенатында тілшілердің сұрақтарына жауап бере тұрып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети