1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

2020 жылы көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы қалай өзгереді?09 желтоқсан 2019, 12:26

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов депутаттар мен БАҚ өкілдеріне атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Парламент Мәжілісі АӘК ұсынудың қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын қабылдады, оның негізгі бағыты - еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың кірістері мен мемлекеттік қолдау көлемін есепке алудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету. Ұсынылған шаралар кешенді түрде жүзеге асырылады, мемлекеттік көмек: көпбалалы отбасыларды қолдау, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама кіреді", - деді Біржан Нұрымбетов.

2020 жылы 1 қаңтардан бастап заң жобасында кәмелетке толмаған балаларының 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөліміне ақы төлеу көзделген. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 баламен - 42 496 теңге; 5 баламен - 53127 теңге; 6 баламен - 63 757 теңге; 7 және одан көп баламен - 74 388 теңге көлемінде тағайындалады.

Министрдің айтуынша, кепілдідендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасыларының балаларын азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киіммен қамтамасыз ету ұсынылады, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі.

"Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады", - деді министр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі биыл 1 сәуірден бастап АӘК тағайындау үшін шекті деңгей 50 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайғанын атап өтті. 

"Табысы аз отбасының әрбір баласына АӘК мөлшері 20 789 теңге немесе күнкөріс деңгейінің 70 пайыз сомасында белгіленген. Сонымен қатар шартсыз ақшалай көмек көрсету мерзімі 3 айдан 6 айға дейін, шартты ақшалай көмек 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды", - деді ол. 

Ресми мәлімет бойынша, аз қамтылған балалар арасында көпбалалы отбасылар 56 пайызға жеткен.

"Атаулы әлеуметтік көмек алып жүргендердің 60 пайызы көпбалалы отбасыларға тиесілі. Бұл ең әлжуаз топқа жататындары. Баланың саны көбейген сайын ауыртпашылық да артады, осыған байланысты заң жобасы бойынша 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға бөлек жаңа жәрдемақы қарастырылды. Яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасының табысына қарамастан, жәрдемақы енгізу көзделіп отыр. Есебіміз бойынша жаңа жәрдемақыға жаңа жылдан бастап 347 мың отбасы ие болады. 42 500 теңгеден 74 000 теңгеге дейін", - деді министр үкімет сағаты барысында.