1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

2020 жылы Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғасы қаншаға қысқарғаны белгілі болды 25 қаңтар 2021, 11:21

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті 2020 жылы жол-көлік оқиғасы қаншаға қысқарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті 2020 жылы жол-көлік оқиғасы қаншаға қысқарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылы қабылданған шаралар барысында тіркелген қылмыстар 30 пайызға азайтылды. Ұрлық саны 54 пайызға қысқарса, тонау дерегі 56 пайызға қысқарды. Қоғамдық орындарда, көшелерде, мас күйінде және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны азайды. Қылмыстың барлық түрі бойынша қылмысты ашу жақсарды. 

Жол-көлік оқиға саны 17,2 пайызға, жәбірленуші саны 24,9 пайызға, қайтыс болғандар саны 13,9 пайызға азайды. Мас күйде көлік айдаған 988 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды", - дейді полиция өкілдері. 

Сонымен қатар, полицейлердің мәліметінше, 2020 жылы есірткіні заңсыз тасымалдау бойынша 903 бұзушылық анықталған. Заңсыз айналымнан 264 келі есірткі тәркіленді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл жұмыста қала тұрғындары белсенді көмектескен. Қала тұрғындарының хабарлауы бойынша 109 жарнама сайты бұғатталған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!