23 қаңтар 2021 09:22

23 қаңтарда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар қалың жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі сақталады, ал республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда секундына 30 метрге дейін және одан да көп қатты жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ орталығына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге дейін, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр соғады, екпіні секундына 23-28 метрге дейін, күндіз таулы аудандарда секундына 30 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді, түнде секундына 30 метрге дейін жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, екпіні секундына 24-29 метрге дейін жетеді.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе және Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, Ақмола, Қызылорда, сондай-ақ түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети