03 тамыз 2020 16:46

2,4 миллион қазақстандық 42500 теңгеге өтініш берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алихан Сариев Фото: Алихан Сариев

2,4 миллион қазақстандық 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемге өтініш берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


2,4 миллион қазақстандық 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемге өтініш берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"3 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша биылғы шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 миллион бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 миллион 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 миллион қазақстандыққа аударылды", - делінген хабарламада.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2,4 миллион өтінімнің ішінде:

- 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

- 604,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

- 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

- 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

- 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

- 202,8 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

- 1 миллион 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 миллион 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 миллион қазақстандыққа аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады.

16 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.

18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтінім бере алады.

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа арналар арқылы өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап автоматты түрде өтінім беру болып табылады.

17 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерден; жеке практикамен айналысатын адамдардан; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан өтінімдер қабылданады.

Жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші ғана беретіндігін атап өту қажет. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініштер 19 шілдеден бастап қабылданады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети