“27 жастан асқан қазақстандықтар шақырылады“. Қорғаныс министрлігі хабарламаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“27 жастан асқан қазақстандықтар шақырылады“. Қорғаныс министрлігі хабарламаға пікір білдірді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрлігі әскери жиын туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрлігі әскери жиын туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде әскерде қызмет етпеген 27 жастан асқан қазақстандықтар әскери қайта даярлауға жіберіледі деген ақпарат тарады.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ақпарат "мәтіннен үзіп алынған және бұрмаланып түсіндірілген".

"Астана қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі полковник Ғани Артықовтың айтқаны "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның запастағы әскери міндетті азаматтар арасында әскери жиындарды өткізу тәртібін реттейтін қолданыстағы нормаларына қатысты болды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Заңның 33-бабына сәйкес, әскери жиындарға запастағы әскери міндеттілер шақырылады. Әскери жиындар жауынгерлік және мобилизациялық дайындықты қолдау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде өткізіліп тұрады.

Бұл ретте мерзімді әскери қызметтен өтпеген және заңды негіздер бойынша 27 жасқа толған адамдар әскери қайта даярлауға автоматты түрде жіберілмейді.

Бұдан бөлек, азаматтар Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде ақылы негізде ерікті түрде дайындықтан өте алады. Оқу мерзімі 40 күн, оның қорытындысы бойынша әскери-есептік мамандық беріледі, деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ведомство қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәлімет таратпауға шақырды.

Тағы оқыңыз: SMS немесе eGov арқылы әскерге шақыру: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.86   549.92   6.39 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер