03 шілде 2017 12:55

29 тамызда Қазақстан аумағында төмен байытылған уран банкі ашылады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© easttime.ru © easttime.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 29 тамызда Қазақстан аумағында тарихта алғаш рет төмен байытылған уран банкінің ашылу салтанаты өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 29 тамызда Қазақстан аумағында тарихта алғаш рет төмен байытылған уран банкінің ашылу салтанаты өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні біз Астанада Пагуош қозғалысының 60 жыл толуына байланысты ядролық қарусыздандыруды оқыту бойынша мерейтойлық іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, осы күні тарихта алғаш рет төмен байытылған уран банкінің ашылу салтанаты өтеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Назарбаев халықаралық алаңдағы тұрақсыздық пен шиеленісудің Қазақстанның XXI ғасырда адамзаттың басты мақсаты ядролық қарусыз әлем құру туралы идеясының өзектілігін растайды.

Айта кетейік, Пагуош қозғалысы 1957 жылы пайда болған. Ол бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік және ғылым әріптестік үшін біріккен ғалымдардың, саяси және қоғамдық қайраткерлердің халықаралық қозғалысы.

Бұл қозғалыс қарусыздандыру мен қауіпсіздік мәселелері бойынша көп тарапты және негізгі келісімшартты жасауда маңызды рөл атқарды: Атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық сынақтарды өткізуге тыйым салу туралы; Зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне шектеу қою; Биологиялық және химиялық қару түрлерін қолдануға тыйым салу туралы конвенция; Еуропадағы және басқа елдердегі қаруландыру туралы шарттар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети