Қазгидромет 13 ақпан, бейсенбіде Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада – ауа райы құбылмалы, кей жерлерде аздаған қар, боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Температура түнде -13...-15°C, күндіз -5...-7°C.
Алматыда – ауа райы құбылмалы, түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 2-7 м/с. Температура түнде -7...-9°C, күндіз +1...+3°C.
Шымкентте – ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады - 5-10 м/с. Температура түнде -3...-5°C, күндіз +4...+6°C.
Ақмола облысында – аздаған қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, таңертең және күндіз батыс, оңтүстік, шығыс аймақтарда 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан жоғары. Температура түнде -13...-18°C, солтүстікте -10°C, күндіз -3...-8°C.
Көкшетауда – ауа райы құбылмалы, таңертең және күндіз аздаған қар, төменгі боран. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с. Температура түнде -10...-12°C, күндіз -6...-8°C.
Алматы облысында – түнде оңтүстігінде аздаған қар, тау аймақтарында қар, күндіз оңтүстігінде және тау аймақтарында аздаған жауын-шашын (негізінен қар). Кей жерлерде тұман, жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде -5...-10°C, солтүстікте, тау аймақтарында -15...-20°C, күндіз 0...+5°C, солтүстікте, тау аймақтарында -5°C.
Қонаевта – ауа райы құбылмалы, түнде аздаған қар. Кей жерлерде тұман, жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде -8...-10°C, күндіз 0...+2°C.
Жетісу облысында – түнде оңтүстігінде, шығысында және тау аймақтарында қар, орталығында аздаған қар, күндіз батысында, шығысында және тау аймақтарында жауын-шашын (қар, жаңбыр). Түнде және таңертең шығысында және тау аймақтарында тұман. Жел батыстан 9-14 м/с, шығысында екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -9...-14°C, оңтүстігінде -5°C, тау аймақтарында -19°C, күндіз -3°C-ден +2°C-ға дейін, оңтүстігінде +5°C, шығысында, тау аймақтарында -8°C.
Талдықорғанда – ауа райы құбылмалы, түнде аздаған қар. Жел батыстан 7-12 м/с. Температура түнде -9...-11°C, күндіз 0...+2°C.
Түркістан облысында – батысында, оңтүстігінде, тау және тау бөктері аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Температура түнде 0...-5°C, солтүстігінде -8°C, күндіз +2...+7°C, солтүстігінде -3°C. Түркістанда – ауа райы құбылмалы, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Температура түнде -3...-5°C, күндіз +4...+6°C.
Батыс Қазақстан облысында – жауын-шашынсыз. Батысында, оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Температура түнде -10...-15°C, оңтүстігінде -7°C, күндіз 0...-5°C. Оралда – Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Температура түнде -10...-12°C, күндіз -1...-3°C.
Атырау облысында – жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Температура түнде -6...-11°C, күндіз -4°C-тан +1°C-ға дейін.
Маңғыстау облысында – жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батысында, орталығында жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып 5-10 м/с. Температура түнде -3...-8°C, күндіз -2°C-тан +3°C-ға дейін.
Ақтөбе облысында – жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с. Температура түнде -10...-15°C, солтүстігінде -18°C, күндіз -2...-7°C, солтүстігінде -10°C.
Қостанай облысында – жауын-шашынсыз. Батысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, таңертең және күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -9...-14°C, шығысында -17°C, күндіз -4...-9°C..
Солтүстік Қазақстан облысында – күндіз солтүстігінде, шығысында аздаған қар, төменгі боран. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Температура түнде -10...-15°C, оңтүстік-батысында -18°C, күндіз -5...-10°C.
Павлодар облысында – күндіз қар, төменгі боран. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Температура түнде -8...-13°C, күндіз -3...-8°C.
Қарағанды облысында – батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, төменгі боран, көктайғақ. Оңтүстігінде, шығысында кей жерлерде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз солтүстігінде кейде 23-28 м/с. Температура түнде -10...-15°C, шығысында -18°C, күндіз -2...-7°C, шығысында -10°C.
Жамбыл облысында – түнде оңтүстігінде, тау аймақтарында қар, төменгі боран, күндіз тау аймақтарында қар, көктайғақ. Солтүстігінде, оңтүстігінде, тау аймақтарында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, тау аймақтарында екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -3...-8°C, солтүстігінде, тау аймақтарында -13...-18°C, күндіз 0...+5°C, солтүстігінде, тау аймақтарында -3...-8°C.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!