25 маусым 2022 10:27

33 елде 900-ден астам баладан белгісіз гепатит анықталды - ДДСҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Балалардағы белгісіз гепатит жағдайларының саны 920-ға дейін өсті. Бұл туралы 24 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EADaily сайтына сілтеме жасап.

"22 маусымдағы жағдай бойынша ДДCҰ-ның бес аймағындағы 33 ел балалардағы этиологиясы белгісіз ауыр жедел гепатиттің 920 жағдайы туралы хабарлады", - делінген ДДCҰ хабарламасында.

ДДСҰ мәліметінше, 18 науқас бала қайтыс болды, 45 жағдайда дене мүшесін трансплантациялау қажет. Белгісіз шыққан гепатит жағдайларының жартысы Еуропа елдерінде анықталды.

Ұйым жаһандық деңгейде қауіп-қатерге "қалыпты" деген баға берді. 

Еске салайық, маусымның басында ДДСҰ әлемде белгісіз гепатиттің 700 жағдайы анықталғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети