23 маусым 2023 11:30

48 сағат ішінде: министрлік әскерге шақыру қалай жүргізіліп жатқанын айтты

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыруға қатысты редакцияның ресми сауалына жауап беріп, кейбір жағдайларда әскерге шақырылған жігіттердің бірнеше күн ішінде Отан алдындағы борышын өтеуге жіберілетінін растады - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстан Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыруға қатысты редакцияның ресми сауалына жауап беріп, кейбір жағдайларда әскерге шақырылған жігіттердің бірнеше күн ішінде Отан алдындағы борышын өтеуге жіберілетінін растады - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери борышын өтеуден жалтарған адамдарды іздестірумен ішкі істер органдары айналысады. Әскерге шақырылғандарды, полиция қызметкерлері дереу қабылдау учаскесіне жеткізеді. Егер жігіт жарамды деп танылса, оны әскерге жібереді. Қорғаныс министрлігі барлығы өте жылдам болып жатқанын растады.

Осы жылдың 29 мамырында Алматы қаласы, Әуезов ауданында әскерге шақырылғандарды іздестіру жұмыстары кезінде әскер жасындағы бозбалалар тексерілді. Жеке мәліметтерді нақтылау үшін олар сол күні аудандық қорғаныс бөліміне жеткізілді. Әскерге шақырылған И есімді жігіт Кентау қаласында әскери есепте тұрады. Алайда тұрғылықты жерін ауыстырған кезде ол әскери есепте тұрмаған. Алматы облысы, Қарасай ауданында әскери есепте тұрған, әскер қатарына шақырылған В есімді жігіт осыған дейін медициналық комиссиядан өткен кезде ол қосымша тексеруге жіберілген, бірақ тексеруден өткеннен кейін медициналық құжаттарды ұсынбаған.

"29 мамырда Алматы қаласы Әуезов ауданы Қорғаныс басқармасында аудандық дәрігерлік комиссияның тексеруі кезінде жігіттер әскери қызметке жарамды деп танылып, 30 мамырда қалалық жиын бөлімшесіне жіберілді. Жеткізілген азаматтар есепке алынды. Психологиялық тестілеуден өткеннен кейін олар Ұлттық ұланның 6505 әскери бөліміне жіберілді. Қазіргі уақытта И. және В. Қарағандыда отан алдындағы борышын өтеп жатыр", - деді Қорғаныс министрлігі.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтар әскер жасындағы жігіттерге рейд жүргізілгені туралы хабарлаған болатын. Жазбаларда айтылғандай, полицейлер жастарды әскери комиссариаттарға күштеп апарып, содан кейін әскер қатарына жібереді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети