08 желтоқсан 2020 17:38

"50 литрлік бакқа 86 литр құйған". Жанармай бекетінде болған жағдайдың видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтан тұрғыны "ҚазМұнайГаз" компаниясына тиесілі жанармай құю бекеттерінің бірінде болған жағдайға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан тұрғыны "ҚазМұнайГаз" компаниясына тиесілі жанармай құю бекеттерінің бірінде болған жағдайға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосына қарағанда, жанармай құю бекетінде бензин төгіліп қалған. Ер адам оны видеоға түсіріп алған.

"Көріп тұрсаңыздар мұның барлығы бензин. Daewoo Nexia көлігі, бакқа 50 литр сыяды. Маған 86 литр бензин құйған. 36 литр бензин жерге төгіліп қалды. Не деймін, "ҚазМұнайГаз", жарайсыңдар", - дейді видеоның авторы.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

"PetroRetail" өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Түнде қатты аяз болды. Ал ер адам таңертең көлігіне жанармай құйды. Бекеттегі пистолет қатты аяз салдарынан жұмыс істемей қалды. Қазіргі таңда бұл жерде бензин сату тоқтатылды. Біз пистолетті ауыстыруға өтініш бердік.
Бұл мәселені кешке шешеміз", - деді компаниядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети