04 желтоқсан 2021 10:07

525 отбасының қуанышы: Қызылорда облысында тағы бір ауыл газға қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында бүгін Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Тұран елді мекені көгілдір отынға қосылды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова шегендіктердің қуанышына ортақтасып, салтанатты шараға қатысты.


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында бүгін Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Тұран елді мекені көгілдір отынға қосылды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова шегендіктердің қуанышына ортақтасып, салтанатты шараға қатысты.

Аймақ басшысы "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы аясында Шеген Қодаманов елді мекенінде жүргізілген газ құбыры және кварталішілік газ тарату желісі жұмыстарының тұрғындар үшін маңыздылығына тоқталып, Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбырының сәтті жоба болғанын тілге тиек етіп, тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстарының одан ары жалғасатынын айтты.

"Баршаңызды Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесімен тұстас келген, ауыл тіршілігіне тың тыныс берер, халықтың тұрмыс сапасының артуына септігі мол серпінді жобаның бірі – Тұран ауылдық округінің көгілдір отынға қосылуымен шын жүректен құттықтаймын.

Жыл сайын халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында аудан тұрғындарының жайлы тұрмыс кешуіне ең қажетті ауызсу, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Біз аудан орталығына жақын елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету арқылы халықтың тұрмыс жағдайын ғана емес, аудандағы өндірістің өрге басуының, кәсіптің одан ары кең қанат жаюына мүмкіндік аламыз.

Бүгін Тұран ауылдық округінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізген бас мердігер компания "Строй Газ Компани" мекемесіне және құрылысшыларға барша ауыл тұрғындарының атынан және Өз атымнан алғысымды айтамын", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Қазіргі таңда Шиелі кенті мен Байтерек, Жаңатұрмыс, Бидайкөл, Керделі ауылдық округтері көгілдір отынға қосылса, бүгіннен бастап Шеген Қодаманов ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп, 525 үйге газ кірді.

Еске салайық, жыл басынан бері 3 аудан орталығына яғни Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кенттеріне, Шиелі ауданындағы Бекежанов және Қодаманов ауылдарына табиғи газ берілсе, жыл соңына дейін Қазалы қаласын газға қосу жоспарлануда. Нәтижесінде биыл 50 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынның игілігін көретін болады. Бүгінгі күні қала мен аудан орталықтарына газ толық тартылды. Нәтижесінде облыс тұрғындарының 65 пайызы көгілдір отын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік те қарқын алуда. Кеше өңір басшысы Жаңақорған ауданында 2 спорт кешенін, бүгін Шиелі ауданының Керделі ауылында тағы бір спорт кешенін ашты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети