"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша қаражат қалғаны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша қаражат қалғаны айтылды Фотоколлаж: Tengrinews.kz

Қазақстанда "7-20-25" тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ипотекалық бағдарлама триллион теңге шегіне жеткенше жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстанның тұрақты даму қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


18 сәуірдегі жағдай бойынша, 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілген.

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша жоспарланған әлі 466 миллиард теңге резерв бар", - делінген хабарламада.

Қор бағдарлама аясында несиелер тек бастапқы нарықта жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға берілетінін еске салды.

"Барлық ипотекалық несиенің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында берілген - 14 232, сомасы - 212,3 миллиард теңге. Алматыда - 127,5 миллиард теңгеге 8 912 несие, Шымкентте 33 миллиард теңгеге 2 843 несие берілді", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Ипотекалық бағдарлама шарттарында баға шегі белгіленген: сатып алынатын баспана Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 миллион теңгеден аспауы керек. Қарағандыда жылжымайтын мүлік бағасы 20 миллион теңгеден, басқа аймақтарда 15 миллион теңгеден аспауы керек.

"7-20-25 бағдарламасы халықтың барлық санатына арналған. Жеке баспанасы жоқ, басқа ипотекалық несиелері жоқ, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми түрде расталған кірісі бар кез келген ел азаматы ипотека ала алады", - деді қордағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +34
Астана +33
Ақтау +31
Ақтөбе +32
Атырау +34
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +33
П
Павлодар +26
Петропавл +33
С
Семей +36
Т
Талдықорған +38
Тараз +42
Түркістан +28
О
Орал +32
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +34

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер