Менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен 34 адам ауруханада жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен 34 адам ауруханада жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде осы инфекцияны жұқтырды деген күдікпен 128 адам ауруханаға жеткізілді. 82-сі ауруханадан шығарылды. 12-сі қайтыс болды. Қазір тағы 34 науқас ем алып жатыр, олардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр", - деді министр брифинг барысында.
Оның айтуынша, инфекция ең көп таралып жатқан өңір - Алматы.
"Жыл басынан бері Алматыда 80 адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, олардың 35-і расталмады. Тағы 13 науқас тексерістен өтіп жатыр. Бізде сараптамалық тексеріс бес тәулікке дейінгі уақытты алады", - деп нақтылады Біртанов.
Мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді.
Осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.
Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды.
Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?