Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

8-қабаттан құлай жаздаған қызды құтқару сәті: видео авторы мәлімдеме жасады 16 мамыр 2022, 09:01

Терезеден құлай жаздаған үш жасар қызды құтқару сәтін видеоға түсірген Нұр-Сұлтан тұрғыны Бақыт Четенова ешкім алғыс айтпағанын мәлімдеді, -
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© instagram © instagram

Терезеден құлай жаздаған үш жасар қызды құтқару сәтін видеоға түсірген Нұр-Сұлтан тұрғыны Бақыт Четенова ешкім алғыс айтпағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казахстан Сегодня" Instagram-топқа сілтеме жасап. 

Еске салайық, астанада көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлай жаздаған қызды құтқарған қызылордалық Сәбит Шонтақбаев пен Сағи Жылқышиевке Нұр-Сұлтаннан пәтер берілетін болды. Сонымен қатар, екі ер адамға жұмысқа орналасуына және несиесін жабуға көмек беріледі. Оқиға 11 мамырда болған еді.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы ДТП| Крис П | ЧП | (@almaty___dtp)

Алайда видео авторының сөзінше, Бақытқа ешкім алғыс айтпаған. 

"Олар нағыз ерлік жасады. Мен Сәбит үшін де, Сағи үшін де өте қуаныштымын. Сәбитке пәтер сыйлағандарын естігенде оны құттықтау үшін хабарластым. Бірақ ешкім тұтқаны көтермеді. 

Тіпті Желі қолданушылары: "Егер бұл сәтті ешкім видеоға түсірмегенде Сағи мен Сәбиттің ерлігін ешкім байқамас та еді", - деп жатты. Мен де солай ойлаймын. Видео тіпті Ұлыбритания, Корея мен АҚШ-та тарап кетті. Барлық телеарна сол видеомен сюжет жасады. Бірақ автор ретінде мені ешкім атап өтпеді. Тек бір сайт мені автор ретінде белгілеп кеткен", - дейді Бақыт Четенова. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram