06 наурыз 2020 11:52

8 наурызда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Синоптиктер 8 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 


Синоптиктер 8 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, алдағы тәуліктерде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста арктикалық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын, қар жауады.

"Бірақ республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық және кең антициклон, қалған аумақтарға да тез тарайды. Сондықтан 8 Наурыз мерекесі күні Қазақстанда салқын, бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - делінген хабарламада. 

Бірақ дүйсенбіде республиканың батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа массалары келеді, олар Қазақстанның қалған аумағында да суықты тез шығарады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети