24 маусым 2017 09:40

Instagram желісіне ҰБТ-ның суретін жариялаған алматылық түлек өз әрекетін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық түлек Елена Меньшикова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ҰБТ-ның суреттері қайдан пайда болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық түлек Елена Меньшикова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ҰБТ-ның суреттері қайдан пайда болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Меньшикованың айтуынша, ол ҰБТ-ны 21 маусымда Абай атындағы педагогигалық университетте тапсырды. Қыздың айтуынша, ол 109 балл алған. Алайда Меньшикова қуанудың орнына өзіне қатысты айтылған сын ести бастады. Сол күні Елена Меньшикованың Instagram желісіндегі парақшасында ҰБТ бланкілерінің суреттері пайда болды. Қыздың айтуынша, сол күні белгісіз біреулер оның парақшасын бұзып алып, онда ескі суреттерді жариялаған.

"Бұл суреттерді мен сынақ тестілеуі кезінде түсірген болатынмын. Ол кезде де осындай бланктер болды. Менің парақшамды бұзып, сол жаққа ескі суреттерді сала бастады. Содан кейін мен телефонды қалай алып кірер едім. Сырға үшін мен детектордан екі рет өтуге тура келді. ҰБТ болған күні видеобақылау камерасының жанында отырдым және ешқандай да шпаргалка мен телефон қолданған жоқ. Бізге комиссия үш рет кіріп келді", - дейді қыз.

Еленаның айтуынша, ол ҰБТ-дан кейін Instagram желісінде жаңа аккаунт ашып, оның бұрынғы парақшасын бұзған адамдарға жазған. Алайда оған әлі күнге дейін ешкім жауап бермеді. Қыздың анасы Полина Меньшикованың айтуынша, оның өзі қызының ҰБТ-да телефон қолдануына қарсы.

"Мен оған ҰБТ-ға телефон алып кіруіне тыйым салдым, себебі біз грантқа түскіміз келді. Екі университетке барып келді. Содан олар онда қызым ҰБТ-ны өзі тапсырды ма, жоқ па - сұрай бастады. Қызым ҰБТ-ны өзі тапсырмаса, мектептегі тестілеуден де өте алмас еді ғой", - дейді қыздың анасы.

Қазіргі уақытта қыз бен оның анасы құқық қорғау органдарына шағымданбақшы.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР БҒМ-ның Ұлттық тестілеу орталығы мектеп түлектерін ҰБТ кітапшаларының мазмұны әлеуметтік желіде жарияланғаны үшін жауапкершілік барын ескерткен болатын. "ҰБТ-ның тест парақшалары - онда құнды ақпарат жоқ. Онда сұрақтар да, кодтар да болмайды. Мұның еш қаупі жоқ. Бірақ осы суреттер арқылы ұялы телефонды ішке алып кіргені белгілі болады. Мұндай деректерді де қарауға аламыз", - деген еді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети