13 қыркүйек 2017 | 15:28

Абаев жаңа әліпбиге қатысты пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәурен Абаевтың айтуынша, жаңа әліпби ықшамды болуына байланысты ол бұл жобаны жалпы қолдайды. Министрдің айтуынша, қазақстандықтарда әліпбиді үйреніп, өздерінің нұсқаларын ұсынуға да уақыт бар.

"Қазіргі уақытта бұл мәселе талқылға салынды, пікірталастар жүріп жатыр - осы әліпби бізге бола ма, болмай ма. Жалпы, мен әліпбидің жинақы болғанын қалаймын. Осыған байланысты әліпбидің жаңа жобасын қолдаймын. Бөлек әріптер? Меніңше, сарапшылар әлі де бұл жобаны тағы бір тексеріп, қалай қолдану ыңғайлырақ болатынын қарастыратын болады. Бұл мәселе барлығы бір шешімге келіп, өз ұсыныстарын айта алу үшін ортақ талқыға салынды", - деді министр цифрландыру мәселелелері жөніндегі республикалық жиында.

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қандай? 

Еске салайық, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети