30 қазан 2020 17:40

Адам өлімімен аяқталған істе шартты үкім шығарған судья қызметінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол апатынан қаза тапқан 17 жастағы оқушы Жол апатынан қаза тапқан 17 жастағы оқушы

Павлодар облысында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасына кінәлі адамға шартты жаза тағайындаған аудандық соттың судьясы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасына кінәлі адамға шартты жаза тағайындаған аудандық соттың судьясы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриі 2020 жылы 1 қазанда Ертіс аудандық сотының судьясы Ермековқа сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судья лауазымынан босату түрінде жаза қолдану арқылы тәртіптік жауапқа тарту туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Бұл шешімде судья құжаттың көшірмесін алғаннан кейін он күн ішінде шағым жаза алатыны атап өтілген. Алайда ол бұл құқықты пайдаланды ма, жоқ па, әлі белгісіз. 

"Қазіргі уақытта судья Ермековтың өкілеті тоқтатылды", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, биыл шілдеде Айдын Ермеков жол-көлік оқиғасында қаза болған 17 жастағы оқушының ісін қарап, апатта кінәлі адамға екі жарым жылға шартты мерзімге үкім шығарған. Ертіс аудандық сотының өкілдері кінәліге мұндай жазалау шарасын прокурор тағайындауды сұрағанын және жәбірленуші тарап онымен келіскенін атап өтті. Алайда үкімнің жұмсақтығы қоғамдық резонанс тудырған. Облыстық прокуратураның араласуынан кейін өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы туралы қылмыстық іс апелляциялық сотқа жіберілді, ол жаза шарасын нақты мерзімге ауыстырды және кінәліні бес жылға бас бостандығынан айырды.

Сот алқасы істі қарау кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталғаны да хабарланды. Атап айтқанда, процессуалдық келісім жасасу кезінде жәбірленуші тараптан жазбаша келісім алынбаған. Бұл өрескел қателер үкімнің өзгертілуіне негіз болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети