18 қыркүйек 2023 09:14

Әдемі баяндайды екенсіз, бірақ сандар басқаша "сөйлеп" тұр - Смайылов инвестициялар туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото primeminister.kz Фото primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 9,6 триллион теңге болған, бұл былтырғы қаңтар-тамыз айларына қарағанда 12,2 пайызға артық.

Премьер-министр жыл аяғына дейін негізгі капиталға ең кемі 18,5 триллион теңге инвестиция тарту қажеттігін атап өтті. Алайда, 8 айдың қорытындысына сәйкес жылдық жоспар небәрі 52 пайызға орындалған.

Әлихан Смайылов негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша ең төмен көрсеткіш тіркелген, яғни есепті кезеңде белгіленген жоспардың небәрі 54 пайызын орындаған Ұлытау облысын мысал ретінде келтірді.

"Бізге жоспардың келесі жылы емес, биыл орындалғаны қажет. Егер инвестициялар биыл тартылатын болса, онда біз нәтижесін келесі жылы көреміз. Ал, мәселе келер жылы шешілсе, жоба тек 2 жылдан кейін ғана нәтиже береді. Оны күтіп отыратын уақыт жоқ. Нәтижені халық қазір көруі тиіс. Жұмыс орындары қазір керек", — деп сынға алды Үкімет басшысы.

Алматыда да бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тоқтап қалған. Аталған мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров баяндама жасады, алайда ұсынылған ақпарат Үкімет басшысын қанағаттандырмады.

"Сіз мәселенің тігісін жатқызып, әдемі баяндайды екенсіз, бірақ фактілер мен сандар басқаша “сөйлеп” тұр. Сіздің мәлімдеуіңізше инвестициялар бойынша нақты көлем индексі 100,1%-ды құрайды, ал, іс жүзінде өткен жылдың деңгейінде тұр. Бұл әлі күнге алға жылжу жоқтығын білдіреді, яғни өткен жылмен салыстырғанда өсім жоқ. Жұмысты күшейтіңіз. Сіздерде бірқатар инвестициялық жобалар тоқтап тұр. Оларды іске асыруды жеделдетіп, пайдалануға беріңіздер. Келесі жылды күтпей, биыл нәтиже көрсетуіміз керек", — деді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети