27 қыркүйек 2016 13:34

Аэроғарыш делегациясы Францияда келіссөздер жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mid.gov.kz © mid.gov.kz

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов бастаған делегация жұмыс сапарымен Франциядан оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов бастаған делегация жұмыс сапарымен Франциядан оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Комитет төрағасы жұмыс сапары барысында "Airbus Defence and Space" ("Airbus D&S") француз компаниясының басшылығымен кездесті. Сондай-ақ, "Ғалам" қазақстан-француз кәсіпорнының ("Ғалам" ЖШС) Байқау кеңесінің (БК) отырысына қатысып, Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығын аралап көрді.

Қазақстандық делегация "Astrolabe" кәсіпорнындағы арнайы "Airbus D&S" оптикалық құрал-саймандарының ғимараттарын, "Airbus Geo Intellegence" еншілес кәсіпорнының жерді қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу және тарату орталығын, "Intespace" кәсіпорнының вибрациялық стендін, термовакуумдық, реверберациондық акустикалық камераларын аралап көрді. Аэроғарыш комитетінің өкілдері "Cite de l’Espace" ғарыш-паркіне барып, Француз Республикасының ғарыш саласын дамытуға арналған тақырыптық экспозициялармен танысты.

Сонымен қатар, Е.Шаймағамбетов "Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығының құрылуы мен жұмыс істеу тәжірибесі біз үшін өте қажет. Өйткені, біз де Қазақстанда Ұлттық ғарыш орталығын салып жатырмыз. Оның басты нысаны француздық әріптестермен бірлесіп салып жатқан ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені болмақ", - деп атап өтті.

Өз кезегінде "Airbus D&S" бірлескен қазақстандық-француздық жобалардың Бас менеджері Хьюго Лапорт осы компанияның ғарыш жүйелерінің басшысы, Атқарушы вице-президенті Николя Шамуссидің атынан Е. Шаймағамбетовті Аэрғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

"Сіз ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы ретінде жаңа лауазымда жұмыс істей отырып, Қазақстан мен Францияның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру мүддесіндегі біздің нәтижелі ынтымақтастығымызды нығайтуға, сондай-ақ әлемдік ғарыш қызметінің көшбасшыларының бірі ретінде, Қазақстан Республикасының рөлін нығайту жөніндегі саясатты одан әрі жалғастыруға ықпал етеді деп сенім білдіреміз", - деді Х. Лапорт.

Бұдан бөлек, құрамында "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Марат Нұрғожин, "Ғалам" ЖШС Бас директоры Баубек Оралмағамбетов бар қазақстандық делегация "Airbus D&S" стратегиялық серіктес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Бірлескен жобаларды іске асырудың алғашқы нәтижелері қарастырылды. Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің нәтижелері - бұл ғарыш түсірілімдерінің халықаралық нарыққа шығуы.

"Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мәселесіне баса назар аударылды. Ол үшін қазір Еуропадан технологиялық жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылуда", - деп атап өтті М. Нұрғожин.

Сонымен қатар, тараптар одан әрі ынтымақтастық жөніндегі перспективалық жобаларды талқылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети