03 қыркүйек 2024 | 15:16

АЭС салуға қатысты референдумға қанша қазақстандық қатыса алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстандағы АЭС бойынша референдумға қанша қазақстандық қатыса алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстандағы АЭС бойынша референдумға қанша қазақстандық қатыса алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петровтың айтуынша, республикалық референдумда сайлау учаскелерінің екі түрі болады: азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және олардың уақытша барған жерлерінде құрылған.

"Референдум учаскелерінің жалпы саны - 10 327, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша 9 709 учаске және 618 уақытша болу орнында, 63 елде Қазақстаннан тыс жерлерде - 78 учаске. Референдум комиссияларының мүшелері саны 70 049 адам болады. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жалпы ел бойынша 12 176 968 азамат референдумға қатысу үшін тізімге енгізілуге құқылы", - деді Петров.

Бұл ретте ол 1 шілдедегі көрсеткіш түпкілікті емес және негіз ретінде алынғанын түсіндірді.

"Әкімдіктер шілде-тамыздағы халық санының динамикасын ескереді және әрбір азаматтың референдумға қатысушылар тізіміне барынша толық енгізілуін қамтамасыз ету үшін берілетін өтініштерді ескереді", - деп қосты Петров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети