24 ақпан 2014 19:16

Африкаға алып кеткен қазақстандық балаларды америкалықтар асырап алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігі Бас прокуратураның Кения және Оңтүстік Африка республикасының азаматтарына асырап алуға берілген қазақстандық сәбилерге қатысты жасаған мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шердің айтуынша, сәбилер Кения мен ОАР азаматтарына емес, сонда уақытша жұмыс істеген америкалықтарға асырап алуға берілген. "Кенияда Нидерланды мамандары жұмыс істеген, қазір бұл отбасы Кенияда тұрмайды. Филиппиндіктермен де дәл солай. Оңтүстік Африка Республикасындағылар АҚШ азаматтары, онда олар уақытша тұрып, жұмыс істеп, сәбилерді асырап алған",- дейді Раиса Шер баспасөз мәслихатында. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бас прокуратура шетелдіктерге асырап алуға берілген балалардың 34-і Оңтүстік Африка Республикасына, ал екеуі - Кенияға жіберілгенін хабарлаған болатын. Өкініштісі сол, асырап алу кезінде қазақстандық дипломатиялық өкілдер болмаған. Шер ханымның айтуынша, бүгінгі таңда республикамызда әлемнің сегіз елінен 37 шетелдік агенттіктер тіркелген. "Естеріңізде болса, бұрындары елімізге бала асырап алу рәсімін жасау үшін 30-дан аса мемлекеттің азаматтары келген. Қазір бұл мөлшерге шектеу қойылған. 8 ел - олар Европа мен АҚШ мемлекеттері",- деді ол. Сонымен бірге министрліктің өкілі Қазақстан тіркеу мәселесіне қатысты шектеуге алдын ала қам жасамағанын түсіндірді. "2012 жылға дейін құжат өткізгендер тіркеуден өтті, кейбіреулерінің құжаттары Қазақстан заңының талаптарына сәйкес келді. Әлемнің әр түрлі елінен 60-тан аса өкіл құжаттарын өткізді, бірақ сегіз елдің 37 өкілі ғана тіркеуден өтті",- деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети