05 шілде 2018 13:20

Агрономды сөккен Петропавл әкімі жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Тасмағамбетов. Сурет:petropavl.sko.gov.kz Марат Тасмағамбетов. Сурет:petropavl.sko.gov.kz

Еңбек сіңірген агроном Равиль Рязаповқа дауыс көтерген Петропавл әкімі Марат Тасмағамбетов тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еңбек сіңірген агроном Равиль Рязаповқа дауыс көтерген Петропавл әкімі Марат Тасмағамбетов тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

СҚО Мемлекеттік қызмет істер департаментінің жетекшісі Ғалым Тұрсынбаев Tengrinews.kz тілшісіне әкімге ескерту жасалғанын айтты.

"Қызметтік тексеру кезінде оның бұл әрекет үшін мұның алдында да жауапқа тартылғанын білдік. Облыс әкімі оны тәртіптік жазаға тартқан. Облыс әкімінің аппараты берген ақпарат бойынша, қала әкіміне ескерту жасалған", - дейді Ғалым Тұрсынбаев. 

Департамент басшысы әкімге ескерту жасалғаннан кейін әкімге қатысты қызметтік тексеріс тоқтатылады, өйткені ол жазаға тартылғанын нақтылады. "Мемлекеттік қызметкерді бір әрекеті үшін екі рет жазаламайды. Тәртіптік іс өндіріске алынғанға дейін оны облыс әкімі жазалаған", - деп түсіндірді ол. 

2018 жылдың 14 маусымында Петропавл әкімі Марат Тасмағамбетов және еңбек сіңірген агроном, қаланың құрметті тұрғыны Равиль Рязапов арасында дау туған. Осыдан кейін әкім агрономды сыбап тастаған. Бұған Рязаповтың бақта жыртқыш аңдарды асырауға қарсылығы себеп болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети