Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

"Ақбұлақ" кешенінде бір адам зардап шекті

16 Ақпан 2014, 12:15
1
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский
Алматы облысындағы "Ақбұлақ" тау шаңғысы базасында бір азамат зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 15 ақпан күні ертеңгісін орын алды. Жарақат алған азамат Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласының емханасына облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің көмегімен жеткізілген. Оқиғаның себеп салдары әлі айтылған жоқ.

Бұдан бұрын Алматы облысында қар көшкінінен 30 жастағы жігіт қайтыс болған еді. Бұл төтенше жағдай Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар-2 елдімекенінде тіркелген еді.

31 қаңтар күні "Ақбұлақ" кешенінде көшкіннің алдын алу жұмыстары кезінде оқыстан көшкін болып, ер адамды басып қалған. Бұл азамат ерікті ретінде жұмыс істеп жатқан көрінеді. Оның денесін қар астынан сауықтыру кешенінің құтқарушылары алып шыққан болатын.

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай