Әкімдік Астана орталығындағы учаскенің мәртебесін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік Астана орталығындағы учаскенің мәртебесін жариялады Сурет © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада бұған дейін бір миллиард теңгеге сатып алу мәселесі талқыланған "Керуен" сауда орталығының жанындағы жер учаскесінің мәртебесі туралы айтылды. Мән-жайды елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанада бұған дейін бір миллиард теңгеге сатып алу мәселесі талқыланған "Керуен" сауда орталығының жанындағы жер учаскесінің мәртебесі туралы айтылды. Мән-жайды елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналистермен әңгімелесу барысында Өтебаевқа бұл аумақтың қазір кімге тиесілі екені және оның жекеменшік иесінен сатып алынған-алынбағаны туралы сұрақ қойылды.

"Қазір қаланың меншігінде. Сәулет басқармасындағы әріптестер толық ақпаратты пысықтап, ұсынады", - деді Өтебаев.

Учаскенің бұрын жеке меншікте болған-болмағаны және оның қала мұқтажы үшін алынғаны туралы нақтылаушы сұраққа әкім орынбасары:

"Алынды", - деп қысқа қайырды.

Бұған дейін "Керуен" маңындағы учаске абаттандыру және қоғамдық кеңістік құру үшін қарастырылғаны хабарланған болатын. Астана әкімдігі оны әрі қарай пайдалану туралы мәліметтерді қосымша нақтылауға уәде берді.

Еске сала кетейік, бұрын Тимур Құлыбаевтың иелігінде болған жер учаскесі Астанадағы даулы нысанға айналған еді. Кәсіпкерден жер қайтарып алынғанымен, елорда әкімдігі учаскені бөле алмай, іс сотқа дейін барған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 470.17   555.21   6.47 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер