Әкімдік өкілдері астаналықтардан қауіпті мұз кесектерін суретке түсіріп алуды сұрады

22 Қараша 2018, 16:57
0
Әкімдік өкілдері астаналықтардан қауіпті мұз кесектерін суретке түсіріп алуды сұрады -

Астана әкімдігінің өкілдері тұрғындардан көше бойындағы үйлер мен ғимараттардың шатырларынан қауіпті мұз кесектерін суретке немесе видеоға түсіруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы қардың жиналуы, көше бойындағы үйлер мен ғимараттардың шатырында қатқан мұзды бақылап отыратыны айтылады.

"Өткен жылы қар мен мұзды санитарлық тазалау жұмыстары аудан әкімдіктері мен қаланың ПИК-теріне жүктелген болатын. Биыл да тазалау жұмыстарына ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Сервисті әлдеқайда сапалы ұсыну үшін біз қала тұрғындарын қырағы болып, қатқан мұз сүңгілерін, сеңдерін байқасаңыздар, суретке/видеоға түсіріп алуға шақырамыз", - делінген хабарламада.

iKomek қызметіне келесі тәсілдер бойынша хабарласуға болады: Telegram чат-боты арқылы; әкімдік сайтында; әлеуметтік желілердегі жарияланымдарда #astana109 хештегін белгілеңіздер: Facebook, Instagram.

Еске сала кетейік, осыған дейін алматылық әйелдің басына мұз түсіп мерт болғаны хабарланған болатын. Оқиға күндізгі уақытта Марков көшесінің бойындағы кеңсенің алдында болған. "Оқиға жазатайым жағдай ретінде қарастырылып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деген еді Алматы полициясының өкілдері.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай