Әкімдік Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды сұрады Видео кадры

Жамбыл облысының әкімдігі Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды және терезеге жақындамауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының әкімдігі Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды және терезеге жақындамауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік хабарына қарағанда, өрт ошағын жою жалғасып, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

"Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді. Бұл нысанның маңында Байзақ ауданындағы Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85) елді мекендері орналасқан, олардың тұрғындары эвакуацияланды. Қазіргі уақытта Тараз қаласының тұрғындарынан үйлерінен шықпауды және терезеге жақындамауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары бөлімінің өрт сөндіру командалары жұмылғаны хабарланды. Оларға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімдері көмек көрсетеді.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети