19 қазан 2020 15:16

Әкімдіктегілер Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолындағы "блокбекеттерге" қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қарағанды облысында блокбекеттер қойылғаны туралы хабарлама тарап жатыр. Әкімдік өкілдері осы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Stopfake.kz.


Желіде Қарағанды облысында блокбекеттер қойылғаны туралы хабарлама тарап жатыр. Әкімдік өкілдері осы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Желі қолданушылары Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолындағы бетон блоктарды талқылап жатыр. 

19 қазаннан бастап Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтілді. Алайда бұл кіруге және шығуға тыйым салынады дегенді білдірмейді дейді портал авторлары.

"Өңір бойынша санитарлық бекеттер жұмыс істейді, сегіз ғана бекет бар. Бұл кіреберісте дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жұмыс істейтінін білдіреді. Тексеру сауалнама мен термометриядан тұрады. Бұл блокбекет емес екенін айтамыз, - деді Қарағанды облысының әкімдігіндегілер.

Санитарлық бекеттер Жезқазған, Приозерск, Ұлытау, Нұра, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров аудандарында қойылғаны айтылады.

Сондай-ақ, әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта облыстың карантинге жабылатыны туралы ақпарат жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети