11 қараша 2020 07:57

Ақмола облысында карантин күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Аймақта карантин шаралары 13 қарашадан бастап қатаңдатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Аймақта карантин шаралары 13 қарашадан бастап қатаңдатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыста 3-9 қараша аралығында 254 адам коронавирус жұқтырып, өсіп 0,9 пайыз болды. Соңғы үш аптада Көкшетау тұрғындары арасында ауырып қалғандар 3,1 есе көбейген. Осыған байланысты карантин күшейтілді.

Көкшетау каласы, Красный Яр ауылы, Чайкино кенті, Станционный кенті аумағы бойынша сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін тұрғындардың жаяу және автокөлікпен жүруіне тыйым салынады. Қалған елді мекендер үшін бұл тыйым сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін енгізіледі.

Көкшетау айналасына санитар посттар қойылады. Басқа облыс тұрғындары қалаға ПТР-анықтамасыз кіре алмайды.

Сондай-ақ азық-түлік дүкендерінің жұмысы сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қысқартылды.

Қаулының толық нұсқасы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети