27 қараша 2020 14:15

Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың 100 жағдайы статистикаға кірмей қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың 100 жағдайы жалпы статистикаға кірмей қалған. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың 100 жағдайы жалпы статистикаға кірмей қалған. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыста COVID-19 жұқтырған 4590 адам тіркелген. Күнделікті өсім - 65-70 адам.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыны орынды. Бізде облыста Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде бар болғаны 12 адамбыз, сондықтан 100 жағдайды жіберіп алдық", - деп түсіндірді Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстарда коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларын жасыру деректері анықталғанын мәлімдеген болатын.

"Бірқатар облыста коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларын жасыру фактілері анықталды. Бұл - Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстар. Қалағаныңды шынайы етіп көрсету өте қауіпті құбылыс екенін түсіну керек, өйткені бұл қауіптің нақты көрінісін бұрмалайды, сондай-ақ бүкіл ел бойынша коронавирус инфекциясымен күресу стратегиясын бұзады. Қазіргі жағдайды бағаламайтындар бар, қабылданған шаралар екіұдай жағдайда, азаматтардың эпидемиологиялық байқамдығы төмендеп жатыр. Бұл қазірдің өзінде әлемнің көптеген елдеріне қатысты аксиома, онда да бұл үрдіс байқалады. Бұл мәселе біздің денсаулық сақтау жүйемізде созылмалы сипатқа ие болғанын мойындауымыз керек", - деген еді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети