02 қыркүйек 2017 21:47

Ақмола облысында су тасқыны салдарын жоюға бөлінген қаражатты жымқырған аудан әкімі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысындағы Атбасар ауданының әкімі А.Никишов жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысындағы Атбасар ауданының әкімі А.Никишов жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Заңсыз сыйақыларды аудан әкімінің үлестес кәсіпкерлерден жалпылама қорғаншылық жасау, мемлекеттік сатып алу конкурстарында мүдделерді лоббилеу және басқа да істер үшін алынып отырғаны айтылады. Әкімнің пара алуына оның орынбасары А.Серкебаев белсенді түрде астыртын дем берген делінеді.  

"Биылғы 31 тамызда Никишов пен Серкебаев "ИшимСтройИнвест" ЖШС директоры Бапхоевтан Атбасар қалалық қазандықтар мен жылу жолдарының жөндеу жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар актілеріне қол қою және ақшалай қаражаттың кедергісіз аударылуы түріндегі жалпылама қорғаншылық ету үшін кезекті төрт миллион теңге пара алып жатқан үстінен ұсталды", - делінген хабарламада. 

Никишов пен Серкебаевтың қылмыстық келісіммен аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша жұмыс атқаратын басқа да мердігерлерден ақшалай қаражат жинаумен айналысқаны анықталған. Алынған параның жалпы сомасы он миллион теңгеден асады екен. 

"Теріс пиғылмен аудан әкімдігінің басшылары аймақтағы көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай салдарын жоюға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың жоспарын жасаған. Жол мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, өзен аңғарын тазалау және бөгетті нығайту, қираған үйлерді сүру мемлекеттік сатып алулар процедусы өткізілместен үлестес компанияларға беріліп отырған, бұл арқылы заңсыз сыйақы алынған", - деп атап өтті Ұлттық бюродағылар. 

2017 жылдың 2 қыркүйегінде Никишов пен Серкебаев Көкшетау сотының шешімімен қамауға алынды. Соталды тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети