29 шілде 2020 12:56

Ақмолада бір күнде 200-ден аса карантин режимін бұзу дерегі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақмолада бір күнде 200-ден аса карантин режимін бұзу дерегі тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақмолада бір күнде 200-ден аса карантин режимін бұзу дерегі тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 шілдеде полицейлер мен Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері облыс тұрғындарының карантин және санитарлық талаптарды сақтауы бойынша бірқатар рейдтік және профилактикалық іс-шара өткізген. 

Бір күнде 200-ден аса карантин режимін бұзу дерегі тіркелген. Олардың көбі Көкшетауда анықталған (98 дерек). Антирейтингтің үштігіне Ақкөл және Бурабай аудандары (15 дерек) және Зеренді ауданы (14 дерек) кіреді. 

Көбіне адамдар маска тағу режимін бұзған: көшеде және жабық нысандарда маска тақпаған 194 адам анықталған. Сондай-ақ, тәртіп бұзушылықтар қатарында сауда нысандарының иелерінің дезинфекциялық құралдардың, санитайзерлердің, қолғаптардың болуы бойынша белгіленген талаптарды сақтамауы бар. Тәртіп сақшылары жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған такси фирмаларын анықтады.

"Мысалы, Көкшетаудағы асханалардың бірі келушілерге қорғаныш құралдарысыз қызмет көрсеткен. Полицейлер нысанда адам көп жиналатын уақыт - түсте тексеріс жүргізген. Асхананың қызметкері клиенттерге маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсеткен.  

Сол күні облыс орталығындағы түнгі рейд барысында криминалдық полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелері сағат 21:00-ден кейін де жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Тексеру кезінде, түнгі сағат 01:00 шамасында кафеде қызмет көрсететін қызметкерлерден бөлек 20-дан астам адам болды. Мекеменің иесі Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети