Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздерін жариялады

09 Сәуір 2016, 13:53
0
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. © REUTERS
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. © REUTERS

Ақорда Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елбасы сан-салалы мемлекеттік қызметтен қолы қалт еткенде табиғат аясында болғанды ұнатады. Әрине, мойнында бүтін бір елдің жауапкершілігі тұрған Президент өмірінде мұндай сәттер тым сирек болады. Туған жердің сұлу көркі шабыттандырған Нұрсұлтан Әбішұлының кестелі ой, көркем толғаныстары баршылық. Солардың бір шоғырын бүгін біз "Фейсбук" оқырмандары назарына ұсынып отырмыз", - делінген жарияланымда.

Фото AkordaBaspasoz.

Қазақтың кең байтақ жерінде аңызға айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де қастерлі өлке, қасиетті мекен.

***
Қасиетті қазақ жері – ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер.

***
Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.

***
"Көшпелілер" мал жайып өткен жерінің бәрін өздерінікі санай берген" дейтін сандырақты ғылыми тұрғыда әшкерелеу шарт.

***
Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өз қиын.

***
Жер абаттанса, ел абаттанады.

***
Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен...

***
Ауылдың амандығы – елдің амандығы.

***
Ауыл – қазақтың алтын бесігі.

***
Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан-теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік! 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай