Ақордада осы аптада Қазақстанға кімдер келетіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақордада осы аптада Қазақстанға кімдер келетіні айтылды Фото: Ақорда

Ақорда осы аптада Қазақстанға кімдер келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мынадай іс-шаралар өтеді:

  • 28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.
  • 28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.
  • 28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.
  • 28-29 мамырда Астанаға Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.
  • 29 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
  • 30 мамырда елімізге Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші "Орталық Азия – Италия" саммиті өтеді.
  • 31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +27
Ақтау +26
Ақтөбе +26
Атырау +31
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +23
П
Павлодар +21
Петропавл +26
С
Семей +23
Т
Талдықорған +26
Тараз +33
Түркістан +26
О
Орал +22
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер