11 тамыз 2018 16:41

Ақтау қазақстандық Антальяға айналады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Tree of life атты жағажайы, бассейні аквапаркі және қонақ үй кешені бар демалыс орнының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Tree of life атты жағажайы, бассейні аквапаркі және қонақ үй кешені бар демалыс орнының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев туристермен әңгімелесу барысында Каспий шипажайларында демалудың артықшылықтарын, соның ішінде бағаның қол жетімділігін, суға шомылу маусымының ұзақтығын, Ақтау қаласы инфрақұрылымының жақындығын, қонақ үй санының көптігін атап өтті.

"Мен бұған дейін Алакөлде, Балқашта, Бурабайда болдым. Бұл демалыс аймағы отандық туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Біз осы саланы ілгерілетуді жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналатын болады", - деді Мемлекет басшысы.

Бір маусымда 140 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндігі бар демалыс аймағы 5,7 гектарды қамтиды. Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Туристік нысанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі – 485,2 миллион теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети