30 мамыр 2020 14:52

Ақтауда "прокурормен сөйлескен" полицейлер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында желіде жарияланған жазбадан соң полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шара қолданылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында желіде жарияланған жазбадан соң полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шара қолданылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыслық полиция департаменті бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Маңғыстау полициясының басшысы облыстық полиция департаментінің бөлім басшыларына қатысты қатаң шара қабылдады. Оған желіде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасындағы әңгіме жазбасының жариялануы себеп болды.

"Қызметтік тексеріс барысында Маңғыстау облысы полиция департаменті басшысының бұйрығымен бірқатар қызметкерлерге қатысты тәртіптік шара қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеріс барысында желіде жарияланған аудио жазбаның әрбір қатысушысына құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыстық прокуратура ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаменті өз өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері пара берді деген деректі растау немесе оны жоққа шығару мүмкін емес. Себебі, бұл деректер тексеріліп, тергеу барысында нақтыланады", - делінген Маңғыстау прокуратурасы таратқан хабарламада.

Прокуратура оқиғаның мән-жайын тексеру қашан аяқталатынын хабарлаған жоқ. 

Облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 192 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу 2 айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, полиция қызметкері мен прокурор арасындағы әңгіме болуы мүмкін деген аудио жазба Ербол Еділовтың Telegram каналында жарияланған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети