08 шілде 2020 10:47

Ақтаудан табылған арыстанға жаңа орын берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/s.dildakhmet Фото: facebook.com/s.dildakhmet

Ақтау қаласы маңындағы Ақшүкір аулынан табылған Симба атты арыстанға жаңа орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтау қаласы маңындағы Ақшүкір аулынан табылған Симба атты арыстанға жаңа орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Симбаға Алматыдағы зоопаркте жаңадан вольер салынады. Оған қаражатты Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басшысы Ержан Еркінбаев жинап беруге уәде берді. 

"Қарағанды зоопаркінің жағдайы мәз емес. Арыстанды ондай орынға бергенше, оны ұйықтатып тастаған жақсы. Шымкенттегі зоопаркте де арыстан жеткілікті. Ондағы жағдайда онша емес. Сондықтан мен Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысымен шұғыл түрде хабарласып, жануарды алып кетуге ұсыныс жасадым. Вольер салу үшін тиісті қаражат тауып беруге уәде бердім", - деді ол.

Ержан Еркінбаев қаражатты жинауға күші жететінін атап өтті.

"Мен өз күшіме, достарыма, ниеттес адамдарға сенімдімін. Біз ақшаны шұғыл түрде жинап, Симба үшін әдемі үй салып бере аламыз. Мұның барлығы ол өліп қалмау үшін жасалып жатыр", - деді басшы.

Сонымен қатар, Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басшысы қазақсандықтарға мұндай жануарды сатып алуға, үйде ұстауға тыйым салынғанын ескертті. Халықаралық конвенцияға сәйкес, олар арнайы орындарда: зоопаркте және тәлімбақта болуы шарт.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети