21 тамыз 2020 09:20

Ақтаудың бас санитар дәрігері өзін үш рет кіргізбеген Rixos қонақүйін тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес жұлдызды Rixos Aktau қонақүйінің карантин нормаларының сақтауы тексерілді. Айта кетейік, бұған дейін бұл жерге Ақтау қаласының бас санитар дәрігері Асима Жарылғасова үш рет кіре алмаған. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығындағы Facebook-тегі парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бес жұлдызды Rixos Aktau қонақүйінің карантин нормаларының сақтауы тексерілді. Айта кетейік, бұған дейін бұл жерге Ақтау қаласының бас санитар дәрігері Асима Жарылғасова үш рет кіре алмаған. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығындағы Facebook-тегі парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоспарлы тексеруге қонақүй аумағындағы мейрамхана, кафелер, қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ бассейндер мен оған іргелес аумақтар кірді. Жұмыс барысында "Ақтау Риксос" қызметкерлеріне сақтық шараларын ұстану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

"Бізде тексеру жұмыстары қонақтар әуежайға келген сәттен басталады. "Ресепшн деск" жұмыс істейді. Мамандар келген қонақтардың жағдайын тепловизормен қарайды. Дене қызуын өлшеп, содан кейін қонақүй көлігіне отырғызып қонақүйге жеткізеді. Онда біз бірден маскалар, санитайзерлер таратамыз. Әрине, қашықтық сақталады.

Қонақүйге кіреберісте қонақтар қайтадан тепловизорлармен тексеріледі. Әрі қарай, багаж дезинфекцияланып, содан кейін ғана бөлмеге жіберіледі. Бөлмелерге келетін болсақ, үнемі дезинфекция жасалады. Мейрамханалар мен барларда барлық нормалар қатаң сақталады. Біздің қонақ үйде арнайы санитарлық дәрігер бар. Кез келген белгілер пайда болған кезде біз жедел жәрдем шақырамыз. Біз барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтаймыз және қонақтарымыздың қауіпсіздігін қадағалаймыз", - деді қонақүй менеджері Серік Исағалиев.

"Бүгін әкімдік, санитарлық қызмет өкілдері, полиция және баспасөз қызметкерлері бар мобильді топ "Риксос" қонақүйіне карантин режимі мен дезинфекциялық режимнің сақталуына рейдтік тексеру жүргізді. Қонақүй басшылығына санитарлық талаптарды сақтау, сондай-ақ бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде субъектінің құқықтары мен міндеттері туралы түсініктемелер берілді", - деді Ақтау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Асима Жарылғасова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети