23 наурыз 2020 11:38

Ақтөбе қаласы карантинге жабыла ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: GETTY IMAGES Фото: GETTY IMAGES

Коронавирус пандемиясына байланысты Ақтөбе қаласы қандай жағдайда карантинге жабылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирус пандемиясына байланысты Ақтөбе қаласы қандай жағдайда карантинге жабылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің пікірінше, қазіргі таңда қаланы карантинге жабудың қажеті жоқ. Оның айтуынша, шаһардағы жағдай тұрақты.

"Егер жағдай ушығып, науқастардың саны артса, тиісті шараларды қолға аламыз. Сонда карантин мәселесі қаралады", - деді басқарма басшысы.

Осыған дейін Ақтөбеде бір адам коронавирус жұқтырғанын, онымен байланыста болған 68 адам карантинге жатқызылғанын хабарлағанбыз.

Айта кетейік, бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жетті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети