14 шілде 2019 13:47

Ақтөбе облысында "Егістік күні" көрмесі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында "Егістік күні" ауылшаруашылық техникаларының көрмесі мен осы салаға қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған семинар өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімідік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтөбе облысында "Егістік күні" ауылшаруашылық техникаларының көрмесі мен осы салаға қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған семинар өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімідік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

13-шілде, сенбіде Мәртөк ауданы Родниковка ауылында "Егістік күні" ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті. Және ауылшаруашылығына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған семинар ұйымдастырылды.

Агрономдардың ауқымды басқосуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, ауылшаруашылық саласындағы жаңартылған техникалармен танысты. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде өтетін шараға жергілікті 160-тан аса егін шаруа қожалық басшылары мен Батыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген мамандар да болды. Келген қонақтар биыл "Родники Агро", "Бордо Индастрис", "Туркуаз Машенери", "Евразия груп" тағы басқа шаруа қожалықтарының ауылшаруашылық техникаларын тамашалады. Мәселен, "Родники Агро" ЖШС қожалықтың дихандары жақында ғана 1 миллиард 300 миллион теңгеге трактор, комбайн, соңғы үлгідегі озық техникаларды сатып алған.

"Егістік күнінің" мақсаты Ақтөбе өңірінің ауылшаруашылық саласындағы цифрландыру жүйесін көрсету, өзге өңірдің мамандарымен тәжірибе алмасу болып табылады. Биыл облыста 786 мың гектар жерге әр-түрлі майлы дақыл, дәнді-дақыл, көкөніс, жеміс-жидек егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық.

Сонымен қатар, биыл Ақтөбе облысының егін шаруашылығына 4,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Соның ішінде 800 миллионға жуық қаражат субсидияға арналған. Бұл шаруалардың кәсібін дамытуға жасалған үлкен мүмкіндік.

Техникалық көрмеден соң, мамандардың бас қосуымен семинар өтті. Семинарға қатысушылар Ақтөбе өңіріндегі егін саласын одан әрі дамыту жолдарын талқылап, пікірлерін білдірді.

Жиын соңында Оңдасын Оразалин ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбаевқа саладағы ескі техникалардан арылып,алдағы уақытта жаңалауды, соңғы үлгідегі техникаларды енгізіп, еңбек өнімділігін арттыруды тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети