11 қаңтар 2020 14:21

Ақтөбе облысында зымыран сынығы құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында зымыран сынығы құлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап. 


Ақтөбе облысында зымыран сынығы құлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап. 

"2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес ҚР аумағындағы полигонды жалға алған РФ Қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығулары уақытында бір зымыранның сынығы белгіленген орындардан тыс жерге құлады. Жарылыс болған жоқ. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы зымыран сынығы құлаған аумақта зардап шеккендер мен қираулар жоқ", - делінген хабарламада. 

Министрлік өкілдері тұрғындар үшін жағдай қауіпті еместігін айтты. 

"Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді пайдалана отырып, зымырандарды ұшыру оқу-жаттығуларды өткізудің жылдық жоспарына және кестесіне сәйкес жүргізілді. Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК қызметі жұмыс істеуде, полиция қызметкерлері зымыран сынығы құлаған ауданды оқшаулады. Осы келісімге сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтауды жүргізетін болады", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети