02 маусым 2022 07:35

Ақтөбеде жаңа туған үшемге Қасым, Жомарт, Кемел есімдері қойылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

AstanaTV AstanaTV

Ақтөбеде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында дүниеге келген үшемге Қасым, Жомарт және Кемел есімдері қойылды, - деп хабарлайды AstanaTV арнасы.


Ақтөбеде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында дүниеге келген үшемге Қасым, Жомарт және Кемел есімдері қойылды, - деп хабарлайды AstanaTV арнасы.

Телеарна мәліметінше, Қарлығаш Жармағамбетова күйеуі екеуі екінші сәбиді көптен армандаған. Ол үшемді жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы өмірге алып келген.

"Марқұм енем болашақта балалы болып жатсаңдар атын Кемел деп қойыңдаршы деп өтініш білдірген болатын. Бізде үшем болатынын білгенде Қасым және Жомарт деп қоямыз деп шештік", - дейді ақтөбелік Қарлығаш Жармағамбетова.

Бұл Ақтөбеде соңғы бір жарым жылда дүниеге келген алғашқы үшем. Ал балалар мен анасы дәрігерлердің бақылауында. Перинаталдық орталықтағылар балаларда бәрі жақсы екенін, тек салмақ қосу керек екенін айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети