18 қараша 2014 14:28

Ақтөбеде кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көпбалалы отбасы жаңа пәтерге көшті. ©Тengrinews.kz Көпбалалы отбасы жаңа пәтерге көшті. ©Тengrinews.kz

Ақтөбеде жеке кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Отбасы он адамнан тұрады - ерлі-зайыптының 1,5-14 жасқа дейінгі сегіз баласы бар.


Ақтөбеде жеке кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Отбасы он адамнан тұрады - ерлі-зайыптының 1,5-14 жасқа дейінгі сегіз баласы бар.

Кәсіпкер Мейіржан Өндіргеновтің өзі көпбалалы отбасыдан шыққан. Бердешевтің басында пана жоқ екенін ол ақпарат құралдарынан біліп, оларға ауданы 54 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерді сыйлауды ұйғарған. Батыр ана Айсәуле Сатыбалдиева кәсіпкер мен бұл отбасының мәселесін көтерген журналистерге алғыс білдірді. Ерлі-зайыпты тағы бір баланы күтіп отыр - сәуір айында тоғызыншы бала дүниеге келуі керек. Бердешевтер оған "Қуаныш" деп ат қойғалы отыр. Отбасыға пәтер қала аумағына кіретін елді мекеннен берілді. Үйдің жанында балабақша, мектеп пен емхана бар. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында көпбалалы отбасының қысты өздерінің лашығында жылусыз өткергелі отырғаны хабарланған болатын. Бұл тар баспана бақташы болып жұмыс істейтін отағасыға уақытша берілген еді. Оған ерлі-зайыпты айына 30 мың теңге төлейтін. Сегіз баланың анасы - "Алтын алқа" иегері. Оны әйел 2012 жылы 30 жасында алған. Сатыбалдиева - Қазақстандағы ең жас көпбалалы аналардың бірі. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети